Ташкенттегі ӘЧ. Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокдаунмен жеңді

Уақыты: 10.05.2023
Оқылды: 726
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов(71 келі) салмақта Израиль өкілі Мирослав Капулером-Ищенкомен кездесті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы massaget.kz сайты дерегіне жүгіне отырып хабарлайды. 

Бірінші раундта отандасымыз екінші нөмірмен жұдырықтасты. Қарсыласын күтіп алып, бірнеше соққысын дарытты. Осылайша бірінші раундты өз пайдасына шешті.

Екінші раундта да Асланбек Шымбергенов осы тактиканы ұстана отырып, бұл раундта да жеңді.

Үшінші раундта да боксшымыз сауатты жұдырықтасып, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Тіпті бір рет израиль боксшысын нокдаунға түсірді. 

Ташкенттегі ӘЧ. Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокдаунмен жеңді.

Фото: ашық дереккөзден