"Жоғарғы өрт қауіпі": Елдің оңтүстік өңірінде күн қатты ысуы мүмкін

Уақыты: 10.05.2023
Оқылды: 825
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін ел аумағында түрліше ауа райы сақталады. Елдің біраз бөлігінде қатты ыстық болатыны болжанған.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы "Қазгидромет" ресми сайты дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде циклон жырасы және онымен байланысты фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағайлы жаңбыр, солтүстік-батыста кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте түнде және таңертең – тұман, күндіз республикамыздың солтүстік-батысында  бұршақ күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз Қостнай облысының орталығында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде  жоғарғы өрт қауіпі күтіледі. Қызылорда  облысында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Фото: ашық дереккөзден