ИСМАҒҰЛОВ ОКТАГОНҒА ШЫҒАДЫ

Уақыты: 01.07.2023
Оқылды: 659
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Тегі қазақ ресейлік файтер Дамир Исмағұлов 2 шілдеде Лас-Вегаста "UFC Vegas 76" турниріне қатысады. Қарсыласы америкалық Грант Доусон. Жекпе-жек 3 раундқа жоспарланған.


32 жастағы Исмағұлов осыған дейін кәсіби жекпе-жек аренасында 26 кездесу өткізіп, 24 жеңіске жеткен (12 нокаутпен). Қарсыласы 29 жастағы Доусон болса 20 кездесудің 17 жеңіп, 2 жеңіліп, 1 тең түскен.

Дамир былтыр желтоқсан айында Арман Царукяннан төрешілер шешімімен жеңілгеннен кейін октагонға шықпады. Сол аралықта денсаулығына байланысты спорттық мансабын "аяқтаймын" деп те айтқан болатын.