Жетісу облысында әкімдік қызметкерлері коттедж қалашығының құрылысы кезінде қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Уақыты: 02.07.2023
Оқылды: 597
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бас прокуратура Жетісу облысыақша жымқыру дерегі бойынша құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкері, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкері ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Олар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген. 

“Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.

Егер кінәлары дәлелденсе, олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмеді.