ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 02.07.2023
Оқылды: 649
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Айтулы күнге орай Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Twitter парақшасы арқылы құттықтады. Жазбасында "Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз" делінген. 

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың  шілдесінде тойланды.