БЕС АЙДА БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ 83 ЗОРЛАУ МЕН 11 ӨЛІМ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

Уақыты: 03.07.2023
Оқылды: 952
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Биыл қаңтар–мамыр айларында кәмелетке толмағандарға қатысты 1080 құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,6% көп, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы Ranking.kz сайтына сілетеме жасап. 


Бес айдың ішінде тіркелгендердің 1008-і қылмыс, 72-сі заңға қайшы. Қылмыстардың ішінде басым бөлігі орташа ауырлықтағы қылмыстар болды: 364 іс. 252 ауыр қылмыс, 198 аса ауыр, 194 жеңіл қылмыс. Былтырғы бес айда кәмелетке толмағандарға қатысты 1004 құқық бұзушылық жасалған, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,6% аз.

                                                        

Өңірлер бойынша балаларға қатысты ең көп құқық бұзушылық Түркістан облысында тіркелді: бір жыл бұрын 101 іс болса, биыл 100 іс.

Құқық бұзушылықтардың айтарлықтай саны Алматы қаласында (89 іс, бір жылда 15,6% көбейген) және Алматы облысында (86 іс, 23,2% азайған) тіркелді.

Ең аз құқық бұзушылық Ұлытау (15 іс), Солтүстік Қазақстан (26 іс) және Павлодар (33 іс) облыстарында тіркелді. Ал Жетісу облысында 35 іс анықталған. 

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың ең көп саны тұлғаға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар: биыл қаңтар-мамыр айларында 556 іс, былтыр 559 болған.

Сондай-ақ меншікке қарсы қылмыстар (205 құқық бұзушылық, бір жылда 9,6% көбейген) және көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар (165 құқық бұзушылық, 17,9% көбейген) көп.

Баптар бойынша балалар зардап шеккен ең жиі тіркелген құқық бұзушылықтар он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер (158 іс) және жол қозғалысы ережелерін бұзу (158 іс) болды. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлау, ұрлық, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері көп жасалды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты бұзақылық және азғындық әрекеттері тіркелді.