АҚСУДА БАЛАБАҚША ЕСЕПШІСІ 40 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Уақыты: 03.07.2023
Оқылды: 837
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ақсу ауданында балабақшас есепшісі өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 миллион теңгеге жуық қаражат ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде 7su.kz желілік басылымы Adyrna.kz сайтына сілетеме жасап.


Бас прокуратураның мәліметінше, жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталған. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасында айырмашылық бары байқалған.

Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (аса ірі мөлшерде ұрлау). Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.