Елорданың түнгі көріністері тамаша

Уақыты: 06.07.2023
Оқылды: 723
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Арада бір жылдай уақыт өтіп кетсе де Астанаға барып қайтқан сапарым естен кетпейді. Осы бірнеше күннің ішінде естен кетпестей әсер алдым. 


Бұрын тек теледидардан ғана тамашалап жүрген «Бәйтерек» пен «Пирамиданы» көзбен көріп, жанында болудың әсері тіптен бөлек екен. Көзіме таныс ғимараттар шалынған сайын көңілім алып-ұшып, шаршағанымды да ұмытып айналасында жүгіре беріппін. 

Достарыма әсіресе океанариум қызығын айтып тауыса алмай жүрмін. Ондағы неше түрлі дәу балықтар мен нағыз акулалардан, теңіз тасбақаларынан көз алмай қарай бердім.Теңіз қарақшысының формасын киіп, кеме штурвалының қасында түскен суреттерім де әлі күнге сақтаулы.

Астананың кешкі, түнгі көріністері тіптен тамаша. 

Ендігі арманым – Астанаға тағы бір барып қайту. Атам мен апамның әңгімелеріне қарағанда бұл арманым да орындалатын сияқты.

Әли ПАРВАРЕШ,
Абай атындағы орта
мектеп оқушысы
Талдықорған қаласы