ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫСЫ ТҮРКИЯЛЫҚ КОМАНДАҒА АУЫСАДЫ

Уақыты: 10.07.2023
Оқылды: 730
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, ресейдің «Зенит» командасының қорғаушысы Нұрәлі Әліптің ыстамбұлдық «Фенербахче» ұжымына ауысуы мүмкін екендігі айтылды.


Түркияның «A Sport» порталы Нұрәлі Әліптің әуедегі доптарға жақсы таласатындығын ерекше атап өтіп, «Фенербахче» өз қатарына қосу үшін іске кіріскенін жазған.

«Фенербахче» «Зенитке» Әліп үшін 1,5 еуро ұсынып отыр. Келісім-шарт мерізімі 4 жыл. Ал 23 жастағы қазақстандық қорғаушыны әлемдік басылымдар 1,2 миллион еуроға бағалаған.