«УИМБЛДОН 2023». БУБЛИККЕ СӘТТІЛІК ЖЕТІСПЕДІ

Уақыты: 10.07.2023
Оқылды: 774
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еліміздің бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Ұлыбританияда өтіп жатқан «Уимблдон» жарысының төртінші айналымында ресейлік Александр Рублевтан (Әлемнің 7-ракеткасы) жеңілді. Есеп – 3:2 (7:5, 6:3, 6:7, 6:7, 6:4).


Рублев бірінші және екінші партияда брейк-пойнттарын мүлт жіберген жоқ - 7:5, 6:3. Ал Бублик сондай бес мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен бұдан Бублик екі тай-брейкте сәтті ойнады - 7:6 (8:6), 7:6 (7:5). Әйтсе де шешуші, бесінші партияда қарсыласы тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды - 6:4.

Кездесу барысында Бублик 39 эйс жасағанымен, ширек финалға шыға алмады.

Бублик үшін төртінші кезеңде ойнаудың өзі спорттық мансабындағы тарихи жетістік. 

Оқи отырыңыз: 

БУБЛИК БАБЫНДА. «УИМБЛДОНДАҒЫ» КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ