ҚАЗГИДРОМЕТ. 13 ӨҢІРДЕ АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ

Уақыты: 24.07.2023
Оқылды: 458
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазгидромет ел аймақтарында 24 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 


 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, найзағайды жаңбыр, батыста – қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

"Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және орталығында 42 °С өтте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады", делінген хабарламада.

 

Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.