САМОКАТҚА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАШАН КҮШІНЕ ЕНЕДІ?

Уақыты: 24.07.2023
Оқылды: 738
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Шағын электр көлігі құралдары мен самокаттарды пайдалану ережесі бекітілді, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Енді самокат тізгіндейтіндер нені ескеруге тиіс? Электр самокаттардың, шағын электр көлік құралдары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері айқындалды. Шағын көлік құралын тізгіндеген жандар жол ережесін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мопед, самокат тізгіндегендер арнайы бас киім мен басқа да қорғаныш киімдерін кию міндетті. 

Әсіресе самокатпен жүрген кезде жылдамдықты қадағалап, жол ережесін сақтау қажет. Бұдан былай 18 жасқа толмаған азаматтарға және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінсіз самокатпен жүруге заңмен тыйым салынады.