ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 479
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қаладағы бірнеше құрылыс нымсандарын аралап, олардың сапасына мән беріп, жыл соңына дейін аяқталатын бірқатар істі қарады, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Облыс орталығында тұрғын үй мәселесі өзекті. Оны шешу үшін арнайы жобалар жасалып, жұмыстар басталып жатыр.

Қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы 8,9 шағынаудандарында болып, жаңадан бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сапаны бірінші кезекке қойған шаһар басшысы құрылыс нысанын аралау кезінде бірқатар кемшіліктерді айтып, оны тез арада шешуді тапсырды.