ЕЛІМІЗДЕ ҚОҚЫС ЖИНАУДАН ЖАРЫС ӨТЕДІ

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 760
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Елімізде қоқыс жинаудан жарыс өтпек. Экологиялық шараға қазір қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы "Қазақстан" ҰТА сілтеме жасап. 


Негізі «Таза ойындар» деп аталатын конкурс әлемнің 30-дан астам елінде өткізілетін халықаралық ірі жарыс. Енді ол Қазақстанда өтпек. Сондықтан еліміздің эковолонтерлері Астанада бас қосып, тазалық кубогын өткізуге қатысты арнайы тағылымдамадан өтіп жатыр. Жарыс қыркүйекке жоспарланған. Ал ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары келесі жылдың көктемінде ТМД экологиялық белсенділері арасында өтетін Еуразиялық тазалық кубогына қатысады.