Ауа сапасы нашарлайтын қалалар аталды

Уақыты: 02.08.2023
Оқылды: 546
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

2 тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа сапасы тұрақты болады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі дерегіне жүгініп.

 

Аталған ұйым таратқан мәліметке сенсек, сәрсенбі күні ауа сапасы Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында нашарлайды. Тиісінше басқа қалаларда метеоахуал қалыпты болады.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Фото: көрнекілікке алынды