ТАУЫҚ ЕТІ ҚЫМБАТТАДЫ

Уақыты: 02.08.2023
Оқылды: 773
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

EnergyProm мәліметінше, құс етінің бағасы бірде 11 процентке өскен, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

 


Ал оған экспорт көлемінің артуы себеп.

Сараптамалық портал келтірген дерек бойынша, кейінгі жарты жылда елімізде салқындатылған құс етінің өндірісі 27,1% өсіп, 70,7 мың тоннаны құрады.

Ал мұздатылған ет өндірісі өткен жылмен салыстырғанда, керісінше, 1,8% төмендеп, 63,2 мың тоннаны құрады.