ГАЗ БАЛЛОНДАРДЫ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ САЛДАРЫНАН ЕКІ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Уақыты: 02.08.2023
Оқылды: 521
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Оқиға Алматы облысы, Талғар ауданында болған, - деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 


2023 жылғы 2 тамызда сағат 18.07-де Алматы облысы ТЖ департаментіне алдын ала мәлімет бойынша Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында Достық көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұтанусыз газ-ауа қоспасының тарсылы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді.

Оқиға салдарынан облыстық ауруханаға 2 адам: 1981 жылы туған әйел (3 дәрежелі күйік, ауыр жағдай) және 2001 жылы туған ұлы (2 дәрежелі күйік, орташа ауырлық дәрежесі) жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда.

ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану ережелерін сақтауды сұрайды.