ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

Уақыты: 09.08.2023
Оқылды: 605
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Биылғы жаздың жайдары күндері  аяқталар тұста алдағы жылыту маусымын да естен шығармау қажет. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы қыстың қамын жазда ойлап, іске кіріскен, - деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Искаков:

- ­Облыс бойынша 34 көмір тұйығымен 4 қойма бар. Дәл қазір ол жерлерде 31,8 тонна көмір тұр. Тәулігіне орта есеппен 12 вагон 828 тонна көмір жеткізілуде. Алдымыздағы жылыту маусымында халыққа қажетті көмір мөлшері – 453,8 мың тонна. Бүгінде тұрғындарға 120,9 мың тонна көмір сатылды. Темір жол қатынасы жоқ аудандарға көмірді көлікпен жеткізу ұйымдастырылды. Аудан және қала  әкімдіктерінің ақпараты бойынша көмірдің орташа бағасы – 17 200 - 18 200 теңге. Ал темір жол қатынасы жоқ Ақсу және Сарқан аудандарындағы баға 25 000 – 26 000 теңге, - дейді. 

Жұмыстың орындалу барысы тікелей бақылауға алынып, арнайы мониторинг жүргізіледі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бірқатар жұмыс істеп жатыр.