Терроризм актісі туралы жалған ақпарат үшін жаза қарастырылған

Уақыты: 28.09.2023
Оқылды: 751
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының полиция департаменті террористік актілер жасау қаупі туралы жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы  ескертеді.

Мұндай әрекеттердің кесірінен азаматтарға да, жалпы мемлекетке де материалдық залал келтіріледі. Бұл жағдайда құқық қорғау органдары өртке қарсы қызмет, жедел медициналық көмектің қызметкерлері жалған шақыру бойынша дереу шығады, ал түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс кестелері бұзылады.

Хабарланған барлық осындай қауіп-қатерлер туралы ақпарат тексеріледі, жарылғыш құрылғыларды іздеу және ықтимал негативті зардаптарға жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылданады.

Террористік актілер жасау қаупі туралы жалған хабарлау туралы ҚР ҚК-нің 273 бабында көзделген. Кінәлі адам бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.

Жалған қоңырауларға алаңдаған төтенше жағдайлар қызметі, оларды  күтіп отырған жерге үлгермей қалуы мүмкін екенін азаматтар есте ұстаған жөн.

Жетісу облысының ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы
Фото: ашық дереккөзден