Аида Балаева Жетісу жұршылығымен кездесті

Уақыты: 29.09.2023
Оқылды: 837
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Талдықорған қаласында халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан реформалар, мәдениет пен әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары саласында іске асып жатқан іргелі істер сөз болды.

- Мелекет үшін ең алдымен береке мен бірлік қажет. Тыныштық орнаған жерде даму да болады. Қаңтар оқиғасына екі жыл өтсе де, өздеріңіз көріп отырсыздар, сот отырыстары әлі жалғасып жатыр. Қираған дүниелер енді ғана ретке келуде. Осының барлығына қыруар қаржы жұмсалды, - деді министр.

Кездесуде Аида Балаева қатысушылардың сауалына жауап беріп, соған сай атқарылатын жұмыстарды таныстырды.

Редакциядан: Құрметті оқырман, назарларыңызға алдағы уақытта толық материал ұсынылады.