"Халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартылуы тиіс": Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов 140-тан аса кенші қаза тапқанын жеткізді

Уақыты: 30.10.2023
Оқылды: 618
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Костенко шахтасындағы қазірге дейін 46 адам опат болған апатқа қатысты өз ойын "Өлім ошағы" деректі фильмінде бөлісті.

Оның айтуынша, бұ Қазақстанмен шектелмей, халқаралық жауапкершілікке тартылуы тиіс оқиға.

"Менің ойымша, "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қатаң жазаға, қатаң жауапкершілікке тартылуы керек. 10 жыл ішінде қанша қайғылы оқиға болып, 140-тан аса кенші қаза тапты, қаншама отбасы, қанша адам зардап шекті. Бұл жерде жауапкершілік мол болуы керек. "АрселорМиттал Теміртау" тек Қазақстанда емес, халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартылуға тиіс. Өнеркәсіп пен техника қауіпсіздігіне қомақты қаражат бөлінбеуі салдарынан қылмыстық немқұрайлылыққа жол берілді және бұл жылдар бойы жалғасты. "АрселорМиттал Теміртау" қожайындары мен басшылығын жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мемлекет халықаралық қауымдастықтың назарын аударуы керек деп ойлаймын", - деді Серік Ахметов. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 


Фото: tengrinews.kz