Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Уақыты: 16.12.2023
Оқылды: 740
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Құрметті жетісулықтар!

Еліміздің ұлық мерекесі 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік күні – өзінің тарихи маңызы жағынан айтулы күн, барша қазақстандықтар үшін ұлық мереке. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен Ұлттық валютасы бекітіліп, шегарасы айқындалып, егемен ел ретінде орнықты. Сөйтіп еркіндікке ұмтылған халқымыздың асыл арманы орындалды.

Бүгінгі күні елімізде Әділеттілік принципіне негізделген, ашық қоғам құруға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар іске асырылуда. Бұл ретте Қазақстанның бақуатты бүгіні мен жарқын болашағын жасауға үлес қосу – әрбір қазақстандықтың қастерлі парызы. Өйткені Мемлекет басшысы айтқандай, Тәуелсіздік бәрінен қымбат!

Осы ұлы мақсат-мұратқа жетісулықтар өзінің еселі еңбегімен, береке-бірлігімен белсене атсалысады деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, Жетісуды өркендету жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Халқымыздың ынтымағы артып, тәуелсіздігіміздің тұғыры нығая берсін! 

Фото: gov.kz