Қараталда ХҚКО ашылды

Уақыты: 16.12.2023
Оқылды: 779
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қаратал ауданының Үштөбе қаласында жаңғыртылған ХҚКО ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Ұлан Досымбеков және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары  Айнұр Мейірханова  қатысты.

Айта кетейік, бұл Жетісу облысындағы екінші жаңғыртылған ХҚКО. Жаңа ашылған орталықтың цифрлық кеңселері азаматтарға ыңғайлы болу үшін заманауи жабдықтармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар, жаңа цифрлық кеңседе дәстүрлі мемлекеттік қызметтерден басқа, 10 минут ішінде қызмет алуға болатын жылдамдық аймағы, әлеуметтік қызметтер бөлімі, оператордың көмегінсіз келушілер қажетті қызметті, оның ішінде ЭЦҚ-ны өз бетінше ала алатын жайлылық аймағы бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында оператордың көмегінсіз қызмет алу үшін ноутбуктер орнатылған. Сондай-ақ, осы аймақтарда қызметкерлер азаматтарды цифрлық сауаттылыққа үйретеді.

"Қаратал ауданының 46 мыңға жуық тұрғыны бар. Жаңғыртылған ХҚКО-ға күніне 300-ге жуық клиент келеді деп болжануда. Орталықтың жаңа дизайны мен аймақтарға бөлінуінің арқасында қызметтерді алу одан да ыңғайлы болады", - деді Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиал директоры Самат Иманғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Жетісу облысында он Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Осы жылдың соңына дейін Талдықорған қаласында тағы бір жаңғыртылған ХҚКО ашу жоспарлануда.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстың халыққа қызымет көрсету орталықтары азаматтарға 432 мыңнан астам қызмет көрсетті.

Ақбота Оқасова,
Pr-менеджер