Тілді мемлекет сақтауға тырыспаса, сөйлеушілер өздігінен қорғай алмайды –  Лира Қоныс

Уақыты: 04.01.2024
Оқылды: 659
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Дәлме-дәл кеше "Айқын" газеті сайтына тілге қатысты көлемді сұхбат шықты. Тұшымды лепес иесі жазушы, журналист, лингвист Лира Қоныс. Қазір Калифорния университетінің лингвистика бөлімінде зерттеуші болып істейтін тіл ғалымының ойы тиянақты, сөзі дәлел-дәйекті. Сол себепті де алдағы уақытта толық сұхбатты басылым рұқсатымен көшіріп баспақпыз. Әзірге тіл туралы айтылған оймақтай ойды назарларыңызға ұсынамыз. 

"Қазақ тілінің жағдайы қалай?" деген тілші сұрығына былай жеуап беріпті лингвист: 

 Тіл – тірі орган. Ол да биологиялық эволюцияны бастан кешеді. Ол да филеттік жойылу, шын жойылу сатыларынан өтеді. Чикаго линвистикалық академиясының айтуынша, қазір қазақ тілінің де түтіні түзу ұшып жатқан жоқ. Әлемдік лингвистика қазақ тілін Қазақстанның тілі деп емес, Қазақстандағы этникалық қазақ топтары арасындағы байланыс тілі деп біледі. Бұл масқара ма? Меніңше, масқара! Біз бұл байламды жоққа шығара алмаймыз. Қазақтардың біразы орыс тілін көбірек пайдалы деп түсінеді. Сол сияқты кез келген қазақтың өз ана тілі үшін емешегі езіле қалуы екіталай. Тілді мемлекет сақтауға тырыспаса, сөйлеушілер өздігінен қорғай алмайды. Ирландия ир тілі үшін жылына бір миллиард еуро бөледі. Ал қазақ тілі үшін біз қандай шара қабылдадық?

Сурет: aikyn.kz-ден алынды