Іле өзенінде су тасу қаупі төнді

Уақыты: 22.02.2024
Оқылды: 385
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне ескерту келіп түскен. Іледен 164 км, Қапшағай су электр стансасынан жоғары гидрологиялық постта мұз жиналуының нәтижесінде су деңгейі күрт көтерілген.


21 ақпан күні таңғы сағат 8:00-де су деңгейі – 462 см, қыста су деңгейі 500 см болды.

Іле өзенінің сағасынан судың тасу мүмкіндігін бағалау үшін жедел топ жіберілді. Елді мекендерге қауіп төнгені анықталса, шаралар қабылданады.