ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Уақыты: 26.02.2024
Оқылды: 378
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазіргі таңда лаңкестік, экс- тремизм, терроризм жекелеген елдердің ғана емес, жаһандық деңгейде қаралатын үлкен мәселе болып отыр.


Өткенімізге үңілсек, қоғамда «терроризм», «экстремизм» деген термин мүлде болған жоқ. Шыны керек, бүгінгі біздің ұрпағымызды әлеуметтік желі, компьютер клубтары тәрбиелеп жатыр. Соның кесірінен ұрлық, зорлық-зомбылық, кісі өлтіру секілді сұмдық оқиғалар орын алып, адамдардың жат ағымның жетегінде кетіп жатқаны жасырын емес. Мәселен, жат ағымның жетегіне еріп, Сирияға қаншама қазақ жастары өз еркімен барды? Қаншасы қаза тапты?! Мұндай қайғылы жайттар орын алмас үшін біз жастарды бүгіннен бастап дұрыс тәрбиелеуіміз керек.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барша халық болып, бір- кісідей елімізге іріткі салатын, теріс және жалған діни ағымдарға ешуақытта жол бермеуіміз қажет. Рухани мәдениетіміз бен дәстүрімізді дәріптеп, халықтың, оның ішінде, әсіресе жастардың діни және құқықтық сауатын көтеріп, радикалды діни ағымдардың түпкі ой-мақсатын әшкерелеуге бағытталған жұмыстарды әлде де жетілдіруге тиіспіз.

Әрбір елдің, әрбір мемлекеттің болашағының жарқын болуы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Бағзыдан жалғасып келе жатқан халқымыздың ұлттық тәрбиесі ең алдымен келешегінің өркенді болуына негізделген. 

Қанат МАРАТҰЛЫ, 
дінтанушы-психолог

Фото: azan.kz