"ДОСТЫҚ" ЖӘНЕ "НҰР ЖОЛЫ" ӨТКІЗУ ПУНКТЕРІНЕ КІРЕ БЕРІСТЕРДІ КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША ЖОБАЛАР ЗЕРДЕЛЕНДІ

Уақыты: 24.04.2024
Оқылды: 314
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Қазақстанның үш өңірінде болып қайтты.


Іс-сапар барысында жол-құрылыс саласының мамандарымен және жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, автомобиль жолдарын дамытуға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылым нысандары тексерілді.

Жетісу және Абай өңірлерінде автомобиль инфрақұрылымын дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларына басты назар аударылды. Аталған іс-шара аясында Мақсат Баяхмет «Алматы – Өскемен» тас жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан учаскелерді, сондай-ақ «Сарыөзек – Көктал» автожолының учаскелерін тексерді.

Сонымен қатар мемлекеттік шекара арқылы қауіпсіз өтуді қамтамасыз етуге бағытталған «Достық» және «Нұр жолы» өткізу пунктеріне кіреберістерді кеңейту бойынша жобалар зерделенді.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ӘКІМНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ