"Барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға": Жаңа Цифрлық даму министрі ант берді

Уақыты: 10.05.2024
Оқылды: 388
Бөлім: САЯСАТ

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиев ант қабылдаған.

«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», — деді министр.

Айта кетейік, 6 мамырда Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған болатын.  

Коллаж: ulysmedia.kz.