Елбасының хаты

Уақыты: 12.07.2018
Оқылды: 1200
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыс әкімінің поштасына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың облыс әкімі Амандық Баталовты және Жетісу жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен құттықтай отырып, Алматы облысының Елордаға жасаған ерекше сыйы үшін ризашылығын білдірген хаты келіп түсті. Төменде хат мәтінін назарларыңызға ұсынамыз. 

Құрметті Амандық Ғаббасұлы!
Сізді және бүкіл Алматы облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш. 
Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты. 
Биыл бас қаланың туған күніне орай «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Алматы облысы да өзіндік сыйымен ерекшеленді. 
Жер жаннаты Жетісудің тамаша табиғаты мен көрікті жерлерін көз алдыңа елестететін бұл саябақ Елорданың ажарын аша түскен керемет тарту болды. 
Жетісу өңірінің мерейтойлық сыйлығы қала тұрғындары мен қонақтарының серуендейтін демалыс орындарының біріне айналатынына сенімдімін. 
Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және бүкіл Алматы облысының тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін. 
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! 

Қазақстан Республикасының 
Президенті Н. Назарбаев