Меморандумға қол қойылды

Уақыты: 08.09.2016
Оқылды: 1446
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту ел экономикасын алға жылжытуда ерекше рөл атқарады. Осы ретте «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен облыс әкімдігі арасында ынтымақтастықты нығайту және несие серіктестігіне қатысушыларды қаржыландырудың ауқымын кеңейту мақсатында меморандумға қол қойылды.

Сонымен бірге «Аграр­лық несие корпорациясы» АҚ, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпо­рация­сы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Alatau Fruits Engi­ne­ering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және облыс әкімдігі арасында төртжақты келісімге қол қойылды. Яғни, бұл инвес­тициялық бағдар­ламалар­дың орындалып, аймақ­тағы жеміс бақтарының интенсивті дамуына мүм­кіндік бермек. Мемо­ран­дум аясында облыс әкім­дігі осы істерді жүзеге асыру үшін жер телімдерін бөліп, қажетті инфра­құ­ры­­лымын жасауға жәрдем көрсететін болады.

Облыс әкімі Амандық Баталов бұл орайдағы мүм­кіндіктеріміздің мол екендігін атап өтті. – Же­тісу өңірі қай жағынан бол­сын жоғары мүм­кін­дікке ие. Бізде ауыл­ша­руа­­шы­лығы өнімдерінің небір түрі өсіріледі. Тіпті, сырттан тасымалдаудың қажеті жоқ. Өнімдерімізді экс­порт­тауға да жағдай бар. Сол себепті саланы одан әрі дамытудың ма­ңы­зы ерекше. Шаруалар мен бағбандарға да жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан, қолда бар мүмкіндікті жі­бе­ріп алмай, қаржы инсти­туттарының әлеуетін тиім­ді пайдалануымыз керек. Міне, өздері келіп отыр. Бірігіп жұмыс істейік. Мен қолдауға дайынмын, – деді ол шара барысында.

Сондай-ақ, бұл келісім­нің ауылшаруашылығы са­ла­сын өрістетіп, шағын және орта бизнесті өркен­детуде маңызды орын ала­тынын және несие серік­тестіктері жүйесін қолдау мен дамы­туға қолайлы жағ­дай жасау қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты «Аграрлық не­сие кор­по­рациясы» АҚ бас­қарма төр­айымы Гүлнәз Атамқұлова әкімдікпен бір­лес­кен жұ­мыс фермер­лер­дің аталған корпорация қар­жыл­ан­ды­рып отырған бар­лық бағ­дарламаға қаты­суына, сон­дай-ақ, шағын және орта шаруа­шылық­тардың ко­о­пе­ративтерге, соның ішінде несиелеу шарт­тары жеңіл­детілген несиелік серік­тестіктерге бірігуіне ықпал ететінін құ­лақ­қағыс етті.

Айта кетейік, елде 2001 жылдан бері корпо­рация­ның қолдауымен 180 несие серіктестігі құрылған. Яғни, бұл 12 мыңнан аса ауыл­шаруашылығы тауар өнді­рушілерінің басын бірікті­руге септігін тигізіпті. Ма­ман­дардың пікірінше, несие серіктестігі жүйесі Ирлан­дия, Польша сияқты мем­лекеттерде жақсы дамы­ған. Ондағы халықтың жет­­­піс пайызы несиені осын­дай ұйымдардан алып, кәсіп­терін дөңге­лентіп отыр­ған көрінеді. Облыста қазір 22 несие серіктестігі жұмыс істейді. Респуб­лика бо­йын­ша несие серік­тестігі жүйесі арқылы қар­жы­лан­дыруға биыл 30 млрд. теңгеге жуық қаржы бө­лінбек. Оның ішін­де 2 млрд. 800 млн. теңге құра­мында 1500-ден аса ауыл­шаруа­шылығы тауар өндіру­шілері бар алматылық фер­мер­лерге қарас­тырыл­мақ.

Айгүл

Байбосынова