Жылыту маусымы қорытындыланды

Уақыты: 01.06.2016
Оқылды: 1477
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ           төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусымының қорытындысы тал­қы­ланып, алдағы қысқа дайындық барысы пы­сықталды. Мәжіліске облыс әкімінің орын­басар­лары, об­лыс­тық деңгейдегі басқарма, департамент басшылары, мәс­лихат хатшылары, аудан, қала әкімдері, салаға жауапты тұлғалар мен «Нұр Отан» партиясы фи­лиалының, кәсіподақ ұйымдарының, бұқаралық ақ­парат құралдарының өкілдері ша­қы­рылды.

Амандық Ғаббасұлы ал­дымен күн тәртібінде қара­латын негізгі мәселелермен таныстырып, келесі сөзді орын­басары Ғалымжан Әб­ді­райымовқа берді. Ғалымжан Райылұлы өңір бойынша жы­лыту маусымының қалай өт­кендігін баяндап, алдағы мін­деттерге шолу жасады. Онда мәлім болғандай, былтырғы және биылғы қысты қалыпты өткізу үшін Үкімет тарапынан қарастырылған қомақты қара­жат мақсатты жұмсалып, бюд­жеттік ұйымдардың жылыту жүйелері жөнделген, сондай-ақ, қажетті құрылғылар мен отын сатып алынған. Айта ке­тейік, былтыр жылумен қам­тамасыз ету бойынша он төрт жобаға республикалық және жер­гілікті бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлініп, осы жо­балардың алтауы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды да­мыту бағдарламасы шең­бе­рін­де бюджеттік несиелеу тетігі арқылы қаржыландырылған.

Ал «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында Текелі моноқаласының «Дос­тық» және «Алатау» шағын­аудандарында жылу желісін қайта құрылымдау жұ­мыс­тары жүргізілуде. Сондай-ақ, былтыр облыста электр қуа­тын тұтыну көлемі 3,75 млрд. кВт құраған, оның ішінде өн­дірілгені 2,2 млрд. кВт, сырт­қы көздерден сатып алынғаны 1,5 млрд. кВт. Қыс мезгілінде электр қуатын ең көп тұтыну деңгейі 466 МВт-қа жетіп, оның 344 МВт-ы меншікті көздерден генерациялау ар­қы­лы, 122 МВт-ы облыстан тыс жерлерден сатып алынған. Сонымен бірге электр қуа­тымен қамтамасыз етуді да­мы­туға 2,04 млрд. теңге қар­жы бөлініп, 41 жоба іске асы­рыл­ған, ал оның 11-і алдыңғы жыл­дан ауысыпты. Түрлі кер­неулі 3115 трасформаторлық қосалқы станциялар мен 13,8 мың шақырымға жуық электр же­лісі салынып, жөндеу жүр­гізілген.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында 241,3 млн. теңгеге 13 тұрғын үй жөнделіп, 6-уы қайтарымды қаражат есебінен іске асқан. Талдықорған қаласында үш автоматтандырылған жылыту пункті орнатылып, «Тұрғын үй-коммуналдық шар­уа­шы­лығын дамыту қоры» АҚ ар­қы­лы қаржыландыру шең­бе­рін­де 347 жылу қуатын есеп­тей­тін құрылғы қойылған. Сон­дай-ақ, 116 сумен жаб­дық­тау және су бұру ны­сан­да­ры­ның құрылысы мен қайта жаң­ғыртуға 12,5 млрд. теңге бө­лі­ніп, 704,6 шақырым су құбыры салынып, қайта жаңартылған. Бірінші және екінші кө­те­рім­де­гі 63 сорғы стациялары, 118 жа­ңа су қоймасы, 64 су мұна­ра­сы мен 30 хлор-сатуратор салынып, 68 жаңа ұңғыма бұр­ғыланған. Орталық­тан­ды­рыл­ған ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі 80,8 пайызды құрайды десек, 98 елді мекенге табиғи газ жеткізілген.

Алдағы қысты ойдағыдай өткізу үшін облыс бюджетінен қарастырылып отырған қара­жат көзі де аз емес. Дайындық іс-шараларын жүргізу кезінде қазандықтар мен жылу трас­са­лары, бірнеше шақырым су құбырлары, кәріз жүйелері, электр желілері жөнделмек. Барлығы 2924 көпқабатты тұр­ғын үй мен 2187 бюджеттік са­ла нысандарын дайындау жос­парлануда, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеу­мет­тік сала нысандары да бар. «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде Қапшағай қаласы Заречный ауылында жылу же­лісі мен орталық қазандықтың құрылысын, Талдықорғандағы «Мүшелтой» шағы­нау­да­ны­н­дағы жылу желісін қайта құры­лымдауды аяқтап, №4 қазан­дықты қайта құрылымдау жұ­мы­сын бастау жоспарлануда. Елді мекендерді газдандыру, сумен қамту, су бұру ны­сан­дарын қайта жаңғырту сияқты басқа да жұмыстар өз ретімен жалғаспақ.

Сондай-ақ, жиында осы салаға қатысты бірқатар кем­шіліктер тізбектелді. Атап айт­қан­да, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тұтынылған ком­му­налдық қызметтер үшін тө­ле­нетін қаражатты жинау, жөн­деу­ден өткен көпқабатты тұрғын үй иелерінен қар­жы­ны қайтару ісінің өз дең­гейін­де жүргізілмей жатқаны, бюд­жеттік бағдарлама әкімшілері бюджеттік нысандардың жы­лу жүйесін орталықтандыру және неғұрлым арзан отын түріне көшу іс-шараларының толық орындалмағаны мәлім болды.

Бұдан соң жылыту мау­сымына қатысты Тал­ды­қор­ған және Қапшағай қала­сы­ның әкімдері Бағдат Қарасаев пен Сәтжан Қиқымов, ден­сау­лық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев хабарлама жасап, өз ой­ла­ры­мен бөлісті.

Келесі кезекте Амандық Ғаббасұлы жалпы жылу беру маусымының ойдағыдай өт­кенін айтып, ой қорытты. Сөй­тіп, жауапты тұлғаларға түр­лі міндет жүктеп, бұл ба­ғыт­тағы істі мейлінше жан­дан­дыру қажеттігін қадап тапсырды. Осыған бай­ла­ныс­ты проблемалар болып жатса оны дер кезінде қолға алып, тиісінше жұмыс жүргізу қа­жеттігін еске салды. Облыс бас­шысы бұдан соң жылу мау­сымын табысты аяқтап, энергетика саласының да­муына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты құттықтап, олар­ды облыс әкімдігінің Құр­мет грамотасы, Алғыс хаты және түрлі дәрежедегі дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ, Кербұлақ, Райым­бек, Талғар аудандарына арнайы техника кіл­ті табыс етілді.

Айгүл Байбосынова