АУЫЛДЫҢ ҚЫЗЫ МӘСКЕУДЕ ТОП ЖАРДЫ

Уақыты: 29.07.2019
Оқылды: 3187
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жақсылыққа, жан жадыратар оқиғаға не жетсін?! Таулы өңірге сонау Мәскеудің төрінен сүйінші хабар жетті. Атап айтқанда, Кеген ауданындағы Ақай Нүсіпбеков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Фариза Жарылқасын Мәскеу қаласында өткен «Қазақстан – Россия: Наука без границ» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына ағылшын тілі пәні бойынша қатысып, 1-орынды еншілеп қайтты.

Елбасымыз айтқан үш тұғырлы тілді ту еткен, әсіресе, халықаралық маңызы бар ағылшын тіліне деген ықыласы бөлек Фариза қарапайым отбасынан шыққан. Анасы – Айжан мұғалім. Фариза болса келешегінен мол үміт күттіріп отырған озат оқушы. «Алтын белгіден» үміткер. 
Фаризаны үлкен үмітпен Мәскеуге апарған білікті ұстазы әрі жетекшісі Тоты Кенжина да құралақан қайтқан жоқ. Ол аталған конференцияға «Жаңа технологиялар мен педагогикалық тәжірибе» тақырыбы бойынша қатысып, 1-орынды иеленді. Сөйтіп, ұстаз бен шәкірт ауылына олжалы оралды.
            

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы