СӘНІ ЖОҚ САЯБАҚ

Уақыты: 12.08.2019
Оқылды: 907
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жолдасым екеумізді таныстырған осы саябақ еді. Алайда жастығымызға куә болған бұл мекеннің бүгінгі көркіне қараудың өзі ыңғайсыз. 


Алтынсарин көшесінің бойында орналасқан бұл демалыс аумағына бір жылдары біраз ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген еді. Бірақ оны баптап, суғарып жатқан ешкімді көрмедік. Сол күйі қурап қалды. Саябақтың сәні кетті. Жалпы, біздің маңда ойын балалары көп. Соларға арнап алаң жасаса деп әкімдікке ұсыныс-тілек те айттық. Алайда нәтиже жоқ. Қазір сұрқы қашқан саябақ қоқыс қалдықтары мен қаулап өскен арамшөптен көрінбей қалған. Балалар ойнайтын арнайы алаң салса, ол жердің тазалығына тұрғындар өзіміз-ақ жауап берер едік.

 
 Әлия АСАНБЕКҚЫЗЫ,
 Көктал ауылының 
тұрғыны
Талдықорған қаласы