ЖӘРМЕҢКЕГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Уақыты: 07.09.2019
Оқылды: 648
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне облыстағы 17 аудан, 3 қала және «Жетісу» ӘКК қатысады. Аймақтағы кәсіпорындар шамамен 160 миллион теңге сомасына 330 тонна ауылшаруашылық өнімдерін сатуды жоспарлап отыр. 


Балқаш ауданы өзінің бренді саналатын күріш пен балықтан бөлек жеміс-жидек, пияз жөнелтті. Ал, Іле ауданынан ел астанасына бақша өнімдері мен «Алатау құс» фабрикасынан шығатын өнім жол тартты. 

Алматы облысы ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қанат Есболатовтың айтуынша, жәрмеңке сө­ре­­сіне балық, сүт, жеміс-жидек пен танымал алматылық алма, бал қойы­лады. Сондай-ақ, бренд­ке айналған «Made in Narynqol» картобы да сатылымда. Тауар бағасы 10-15 пайызға төмендетілген. Яғни, қала тұрғындарының тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтағы бағадан арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар. 

«Осының барлығы ел­ор­далық базарларда бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді», – дейді ұйымдастырушылар. Одан бөлек, тұрғындар сапалы көкөніс пен картоп өнімдерімен қамдана алады. 

Рамазан ЕЛЕШЕВ
Іле ауданы