Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

БАСҚАРМАҒА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 24.07.2020
Оқылды: 1298
Бөлім: БАСТЫ БЕТ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Сәбит Қыдырғалиұлы Сәдуақасов Алматы облысының жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сәбит Қыдырғалиұлы СӘДУАҚАСОВ

1962 жылы туған. Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені Ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақтың ауыл шаруашылығы институтында лаборатория меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы индустриялық колледжі экология кафедрасының аға оқытушысы, Қазақтың экономика және консалтинг университетінің оқытушысы, Алматы облысы Іле ауданы бойынша облыстық жер инспекциясының бас маманы, Алматы облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бастығының орынбасары, Алматы облысының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің бастығы, Алматы облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бастығы, Алматы облысы жерге орналастыру орталығының бастығы, облыстық жер қатынастары басқармасының инспекторы, осы басқармада жер кадарсты бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың қыркүйек айынан - Алматы облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"