Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЕЛ СЕНІМІН НЫҒАЙТТЫ

Уақыты: 02.09.2020
Оқылды: 125
Бөлім: БАСТЫ БЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауы көпшіліктің көңіліндегі ойды қозғады дер едім. Себебі, тікелей эфирден көр­ген жұртшылық айтылған соны пі­кірлер мен тың ойларға ерекше назар аударды.


Өз басым тыңдай отырып, еліміздің өркен­деуі жолында көптеген игілікті іс қолға алына­тынына қатты қуандым. Әрбір салаға қатысты бастамалардың жаңашылдығы көңілді күпті еткен ойларды тарқатып, сенімімді нығайтты. Әсіресе, мемлекеттік биліктің барлық тармағын реформалау керекті­гін айтуы Қасым-Жомарт Кемелұлының саясаттағы тұлғасын асқақтата түсті. Меніңше: «Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақ­сартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек.

Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сай­лау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жү­зеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуі­міз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмай­ды. «Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ой­лаймын» – деген сөзі қордаланған мәселелердің шешім табатынын көр­сеткендей болды.

Расында ауылдық округ әкімдері өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қо­сатын тетік саналады. Өйткені, әрбір жердің, әрбір аймақтың кемшілігі мен жетістігін жетік білетін әкімдер қажетті салалардың жұмысын қа­лай жүргізуді де меңгеретіні анық. Сол себепті, ауылдық округ әкімде­рін сайлау бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі дер едім. Оның үсті­не жергілікті халықтың мұң-мұқтажын өз ішінде жүрген жандар жақсы білетінін ескеру керек. Ал, білікті маман атқарған істің игілікке айнала­тыны белгілі.

Осындай маңызды қадамдар қолға алынғанда елімізді жарқын бола­шақ, кемел келешек күтіп тұрғанын байқау қиын емес.

 

Сабазжан СМАҒҰЛОВ,

Кеген аудандық мәслихатының депутаты