ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ АУЫЛЫНДА ЖАҢАДАН 30 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Уақыты: 11.03.2021
Оқылды: 1127
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Соңғы жылдары Ақсу ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Биыл І.Жансүгіров ауылында 30 жеке тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жасалып жатыр. Құрылыс жұмысын мердігер «Нұр құрылыс болашақ» ЖШС жүргізуде. Бүгінге құрылыс басында 50 адам жұмыс істеуде. Жобаның жалпы құны - 503,8 млн.теңге. Өткен жылы басталған нысан биыл толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қоса, 2019 жылы апаттық жағдайда деп танылып, бұзылған 3 көпқабатты тұрғын үйлердің орнына жеке құрылыс компаниясы есебінен көпқабатты тұрғын үй салынады. Ол үйлерді сатып алуға мемлекет тарапынан 500 млн.теңге қаражат бөлінді. Сонымен бірге, жеке адамдардың баспана салуына арналған 60 гектар жердің инженерлік-коммуникациялық жүйелерін тартуға қаражат бөлініп, тұрғындарға беріледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"