ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ: БРОНДАУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ТӨРТ ТӘСІЛІ

Уақыты: 17.03.2021
Оқылды: 1165
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Достар! Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз және оны алу үшін Халыққа қызмет көрсету бөліміне жүгіну қажет болса, онда брондаудың келесі 4 тәсілі сізге кезекте тұрмай, қызметті жылдам алуға көмектеседі:

Біріншісі, egov.kz - авторизация, "ХҚО кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мекенжайын және көрсетілетін қызметті таңдау.

Екіншісі, eGovKzBot2.0 телеграм-ботында "ХҚО кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау.

Үшіншісі, 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы дауыс мәзірінен "кезекті брондауды" таңдау және оператор арқылы ХҚО-ға баратын уақытты белгілеу.

Төртіншісі, egov mobile қосымшаны жүктеу, авторизация және "ХҚО-ға кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау.

Sms ХҚО-дағы брондау уақыты туралы хабарлайды. Кеңес: ХҚО-ға брондау уақытынан 5-10 минутқа ерте келіңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"