ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛДІ

Уақыты: 25.06.2021
Оқылды: 1873
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Харекет» қайырымдылық қоры арқылы балқаштық тұрғындар да баспаналы болып, қуанышқа кенелуде. Бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде 6 отбасы баспана бақытын сезінді. Қайырымы мол іс жалғасын тауып, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан әрі жалғызбасты ана Ботакөз Алтаева және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ана Айбану Медетоваға пәтер кілті табысталды.


 Баспаналы болғанына сене алмай, көзіне жас алған Ботакөз ананың қуанышында шек болмады.

«Харекет» қайырымдылық қоры арқылы жалғызбасты ана, жалғызбасты әке, тұл-жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі жандар санатындағы кісілер баспаналы болуда. Аудан көлемінде баспанасыз жүрген осы санаттағы кісілер қорға өтініш бере алады.

Одан бөлек, екі бірдей мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ана Айбану Медетова үйлі болды. Айбану анаға баспана Ақдала ауылдық округінен бұйырды. Осы отбасының үйлі болуы үшін аудандағы кәсіпкер Мақсат Қосаев өз қаражаты есебінен 3 млн. теңге көлемінде демеушілік көрсетіп, қайырымдылық жасады.

«Харекет» қайырымдылық қорының негізгі басшысы Гүлмира Мұханқызы екенін көбісі біле бермейді. Ал біздің аудан бойынша 3 ерікті белсенді түрде мұқтаж жандардың баспанамен қамтамасыз етілуі үшін еңбек етуде. Олардың қатарында қорға ерікті болып жүргеніне 9 айдан астам уақыт болған «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі Таңшолпан Қасым, Елдос Бөлекбаев, Ләззат Сұлтановалар бар.

«Игі істің басына – жақсы келер қасына» демекші, үнемі осындай ізгі бастамалардың басы-қасында жүрген жандар қандай құрметке болса да лайықты.

Сіз де мұқтаж жандардың баспаналы болуына өз үлесіңізді қоса аласыз. Мейлі қанша теңге көлемінде қаражат қоссаңыздар да, жағдайы қиын бір отбасының бақытты болуына үлес қоса аласыз. Егер ниет білдірген жандар төмендегі есепшотқа қаржы аударуға болады:

Каспий голд: 4400430149424548;

ТЕЛефон нөмірі: 87765002029.

Алтынай СЕЙТКЕН
Балқаш ауданы