Қозғалысқа көңіл бөл

Уақыты: 03.07.2021
Оқылды: 726
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Дене тәрбиесінде қажетті жағдайлар: балалардың күтімі мен өсіуіне қолайлы мәдени – гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына және ауа-райына жылы-жайлы киіну, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, серуенге шығау, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану.

Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің қызметін жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер – қозғалыс болып табылады.

Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет. Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан дене шынықтыру сабағы кезінде оқушыларды неғұрлым қозғалысқа көңіл бөлуін талап етеміз. Негізгі сабақ басталмас бұрын, оқушыларға дене жаттығуын жасатып, денелерін қыздырамыз. Одан кейін мүмкіндігінше жүгіруге көңіл бөліп, оқушылардың аяқ бұлшық еттерінің қозғалысқа енуіне, жұмыс істеуіне жағдай туғызамыз. Осыдан кейін барып спорттық ойынға араластырамыз. Қазіргі карантин уақытында да осындай жұмыстарды жасатуға көңіл бөлдік. Онлайн арқылы жаттығу істетіп, оларды бақылап отырдық. Бала қай уақытта да өзінің денаулығына көңіл бөлу қажет. Ол үшін жиі қозғалысқа еніп, дене жаттығулары мен шынықтыру жұмысын істеген абзал.

Аслан Бектібаев,
№2 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалымі