ЖЕТІСУДЫҢ БИЫЛҒЫ ЖАС КӨШБАСШЫСЫ КІМ? БАЙҚАУҒА ҚАТЫС, БАҒЫҢДЫ СЫНА!

Уақыты: 30.09.2021
Оқылды: 1409
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында жылда өтетін дәстүрлі «Көшбасшы» жастар сыйлығына құжат қабылдау жүріп жатыр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Сыйлыққа үміткерлер ретінде Алматы облысының 14-тен 29 жасқа дейінгі белсенді жастары қатыса алады. Номинация жеңімпазы атану үшін үміткерлер белгілі бір салада жетістіктерге жетуі қажет.

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖАЛПЫ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

1.«Үздік жас мемлекеттік қызметші»

Мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

Өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктері және әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосқан;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

2.«Үздік жас әскери қызметкер»

Әскери бөлім қызметкерлері, жол полициясы қызметкерлері, төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар, полиция қызметкерлері;

Әскери қызметте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

Әскери қызметте басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

Әскери жарғылар талаптарын және нұсқаулықтарды жоғары деңгейде білуі керек;

Соңғы 3 жыл көлемінде ерлігі үшін алғыс, марапатының болуы қажет.

3.«Үздік жас дәрігер»

Медицина саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;

Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

4.«Үздік жас ұстаз»

Оқу орнында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;

Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

5.«Үздік жас ғалым»

Ғылым саласында дәлелденген ғылыми жұмыстары (патенті бар);

Ғылыми дәрежесінің болуы;

Республикалық, халықаралық ғылыми журналдарда мақалалары жүйелі түрде жариялануы керек;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

6.«Үздік жас спортшы»

Спорттық атақтар мен разрядтың (1,2,3 разрядтар, спорт шеберлігіне үміткер, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері) болуы шарт.

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

7.«Үздік жас журналист»

Журналистика саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жүрген;

Қазақстандық журналистиканың даму саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысып жүрген;

Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

8.«Үздік жас кәсіпкер»

Жеке кәсіпкерлікте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

Шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік жаңашыл идея немесе үлес қосқан, Отандық тауардың сапасының артуы үшін инновациялар енгізіп жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

9.«Үздік жас батыр»

Адам денсаулығын немесе өмірін сақтап қалу, апаттық жағдайларды алдын ала ескерту, қылмысты болдырмау жайында амал жасау сияқты және т.б. әлеуметтік-маңызды әрекет ету;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

10. «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы»

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

Үміткер ретінде механизатор, агроном, егінші, мал шаруашылығының (зоотехник, ветеринар, бақташы және т.б.) мамандары және т.б қатыса алады;

Ауыл шаруашылығының гүлденуіне өзіндік үлес қосқан, жаңашылдық енгізген;

Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

11.«Үздік жас отбасы»

Ері немесе әйелінің жас мөлшері 29 жасқа дейінгі аралық;

Толыққанды отбасы болуы;

Отбасында 3 немесе одан да көп баланың тәрбиеленуі;

Отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

12.«Үздік жас өнерпаз»

Әнші, биші, күйші, театр және кино әртістері;

Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

13.«Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы»

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағында сарбаз ретінде жұмыс өтілі бар;

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысуы;

Әртүрлі жастар топтары үшін оң әсер беретін әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруы және ендіруі;

Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;

Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

14.«Үздік студент»

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері;

Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;

Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

Жастар ұйымдары мен қозғалыстарда жұмыс тәжірибесінің болуы;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

15.«Үздік ерікті»

Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы;

Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

16.«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы»

Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы;

Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

Оқуда озат, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері және спортта жақсы нәтиже көрсетіп жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

17.«Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы»

Жастар саясаты саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;

Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.  

18.«Үздік жас саясаткер»

Мемлекеттік мекемелерде, саяси партияларда, жастар ұйымдарында облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқан;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

19.«Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы»

Осы салада 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;

Республикалық үкіметтік емес ұйымдардың базасында тіркелуі тиіс;

Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүрген;

Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

20.«Үздік жас әдебиетші»

Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;

Облыс, республика көлемінде әдеби жүлдегерлердің иегері болуы;

Жарыққа шыққан кітабының болуы;

Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.

Конкурсанттарды бағалау критерийлері мен индикаторлары

Әрбір конкурсанттың бағалау парақтарына (қосымшаға сәйкес) сол салада аталған номинация бойынша ағымдағы жылдың жетістіктерін көрсетіп, нәтижесіне қарай конкурстық комиссия мүшелері жеңімпазды анықтайды. Бағалау кезінде басты назарға алынатын жетістіктері:

1.Мемлекеттік награда, ҚР Президенті, Елбасынан алғыс хаттар алған;

2.Әлемдік, халықаралық, республикалық марапаттар (диплом, грамота, медаль, сертификаттар, алғыс хаттар) алған;

3.Облыстық, қалалық/аудандық мемлекеттік мекемелерден басқа да ұйымдардан алған марапаттар сәйкесінше бағаланады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өз номинациясы бойынша бірлесіп жұмыс істеген мемлекеттік (мемлекеттік емес) ұйымдардың басшыларынан алған ұсыныс хаттар ескерілетін болады.

Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі

Конкурстық комиссия төраға, хатшы және комиссия мүшелерінен тұрады.

Комиссия төрағасы - Алматы облысы әкімінің орынбасары, хатшы ұйымдастырушы органның өкілі және комиссия мүшелері облыстық басқарма, департамент басшылары, ҮЕҰ жетекшілері, жастар ұйымдарының басшылары, облыстық маслихат депутаттары, БАҚ өкілдерінің редакторлары және басқа да азаматтық қоғам өкілдерінен 21 адамнан кем емес қалыптасады. 

Конкурстық комиссия Алматы облысы әкімінің жастар сыйлығына лайықты деген 20 номинация бойынша жеңімпаздарды дауыс беру арқылы анықтайды. Әр комиссия мүшесі жеке дауысқа ие. Комиссия мүшелері тең дауыс берген жағдайда шешуші дауыс төрағаға тиесілі болады.

Комиссияның хатшысы комиссия отырысы болатын күнді алдына ала 3 күн бұрын комиссия мүшелеріне хабарлайды. Отырыстың хаттамасын жасайды. Номинанттардың құжаттарын осы ережеге сәйкес қабылдайды. Құжаттар толық болмаған жағдайда хаттамада көрсетеді.

Конкурстық комиссия мүшелері 20 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау кезінде әр номинантқа жеке дауыс береді. Конкурстық комиссияның мүшелері өз жұмысын бастар алдында міндетті түрде конкурсқа қатысушылармен «мүдделер қақтығысының» жоқтығы туралы жазбаша хабарламаға қол қояды. Конкурстың барлық ережелері талаптарының сақталуына жауап береді.

Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын жинаған үміткер өз саласы бойынша жеңімпаз атанады.

ӨТІНІМ ҮЛГІСІ:

1

Үміткердің аты-жөні

 

 

2

Номинация

 

 

3

Туған күні, айы, жылы; ЖСН

 

 

4

Жетістіктері

(дипломдар, алғыс хаттар, медаль, сертификаттар, грамоталар)

 

 

Өтінімге қосымша төмендегідей құжаттар ұсынылуы керек:

  1. Жеке куәлік, алғыс хат, грамоталар көшірмелері;
  2. Өмірбаян;
  3. Номинацияға лайық екендігін растайтын ұсыныс хаттар;
  4. 5 фотосурет: 1 жалғыз өзі түскен, 2 жұмыс барысында түскен сурет, 1 бос уақытта, 1 отбасында түскен сурет;
  5. «Неге мен «Көшбасшы» жастар сыйлығына лайықтымын?!» тақырыбында эссе.

Өтінімдерді қабылдау

Өтінімдер мен керекті құжаттар 040000, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев көшесі, 47 (210, 211 кабинет) мекенжайына жіберілуі тиіс. Байланыс телефондары: 8(7282) 410517.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"