АЗАМАТ, БИЗНЕС, МЕМЛЕКЕТ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРЕДІ - ПРЕЗИДЕНТ

Уақыты: 02.09.2022
Оқылды: 1306
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында күрделенген бірқатар мәселелер шешімін табатынын жеткізді.

"Біз "Азамат – бизнес – мемлекет" арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады", – деді Президент.

Бұл, жаңа, әділетті Қазақстанды құрудағы аса маңызды қадамның бірі. Жолдауды ең алдымен жаңа экономикалық саясаттан бастаған Мемлекет басшысы бағаны белгілеуге мемлекеттің араласуын кезең-кезеңімен алып тастау қажет екенін айтты.

Жолдауда Қазақстан халқы көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап алды. Атап айтсақ, ең төменгі жалақының 60-тан 70 мың теңгеге көтерілуі, 2025 жылға қарай зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыруы және әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жаста бекітуі. Сондай-ақ, әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан жол мәселесін Президент 2025 жылға дейін 95 пайызға жақсарту жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, ел Президентінің тапсырмасымен мәслихат депутаттары келесі жылы қайта сайланатын болады.

Сөзімнің соңын Мемлекет басшысының бастамасын қолдай отырып, Жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етейік деп түйіндеймін.

Дәулет ЖАРАСБАЕВ,

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы