АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕМІН. КӘСІПКЕРДІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

Уақыты: 05.11.2022
Оқылды: 1392
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жастарды қолдау мақсатында облысымызда «Zhas Project» әлеуметтік жобасы қолға алынды. «Zhas Project» – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жастарға арналған бірегей бағдарлама.

Мен де «Zhas Project» жобасына бағымды сынап, кіші грант иегері атандым. Қазіргі таңда өз жобамды Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жылыбұлақ ауылында іске асырудамын.

Жобамның атауы – «Level up». Мақсатым – әлеуметтік осал топтан шыққан балаларды ағылшын тіліне баулу. Қазіргі таңда аталмыш жобаның арқасында 30 оқушы білім алады. Курс аяқталған соң оқушылар сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

Осындай мүмкіндікті жастарға ұсынған «Zhas Project» жобасына және жобамның көркеюіне үлкен үлес қосқан Жылыбұлақ орта мектебінің ұжымына алғысымды білдіремін.

Аружан ЖАНАТҚЫЗЫ

Қаратал ауданы,

Жетісу облысы