Балабақшалардан мемлекет пайдасына 14,4 млн теңге өндірілді

Уақыты: 28.08.2023
Оқылды: 721
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен Панфилов ауданы прокуратурасының заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы Ұсынуы қаралды.

Департаментпен Ұсынуды қарау барысында Панфилов ауданының мемлекеттік балабақшаларының мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолданбай, жеке кәсіпкерлермен тікелей шарт жасай отырып, тауарлар мен қызметтерді сатып алғандықтыры анықталды.

Осылайша, заңсыз әрекеттердің нәтижесінде бизнес субъектілерінің белгісіз шеңберінің құқықтары шектелген, өйткені шарттарда көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сату бәсекелестік ортаға жатады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағы 10-тармақшасына сәйкес, нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу - Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi болып табылады.

Департаментпен аталған заң бұзушылықтарға жол берген 11 (он бір) балабақша меңгерушілеріне қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 163 бабаының 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша, Департаментпен мемлкет пайдасына  14,4 млн теңге өндірілді.

Фото: ғаламтордан