172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

Уақыты: 31.08.2023
Оқылды: 506
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттарды таңдаған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген.

Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады.

Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.

Стипендиаттар тізімімен мына сілтемеде танысуға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
Фото: ғаламтордан алынды