Дерек жинауға келісім береді

Уақыты: 09.09.2023
Оқылды: 958
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен барлық қаржы және ақпараттық ағындарының бірыңғай әкімшісі және операторы. Ол заңнама талаптарына сәйкес салымшыларға зейнетақыға байланысты қызмет көрсетуге міндетті.

БЖЗҚ өзінің заңнамалық міндеттерін іске асыру кезінде салымшылар, олардың сенім білдірген адамдары және заңды өкілдерінің дербес деректерін қамтитын ақпараттық жүйенің операторы меншік иесі есептеледі. БЖЗҚ-дан қызмет алмас бұрын салымшы заңды өкілге деректерін жинауға және өңдеуге келісімін береді. Заңнамада көзделген қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ тек мемлекеттік органдар және мемлекеттік заңды тұлғалар жататын үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен ақпарат алмасады. Егер салымшы жеке куәлігін жаңартқан болса, онда бұл дерек уәкілетті органдармен дерек алмасудың арқасында БЖЗҚ ақпараттық базасында автоматты түрде өзгертіледі. Салымшының деректері жеке тұлғаларға берілмейтінін ескертеміз. БЖЗҚ –мемлекеттік органдар және мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен дерек алмасады. БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері уақытында жаңартылғандықтан жарамды саналады. Сіздің деректеріңіз жеке немесе басқа заңды тұлғаларға берілмейтінін атап өткіміз келеді.

Мемлекеттік құрылымдармен өзара ақпарат алмасудың нәтижесінде БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін көрсету кезінде өтініш білдірген адамнан көшірме талап етпейді. Бұл – БЖЗҚ заңнамасының талаптарына сай жедел және тиімді қызмет көрсетіп, алаяқтық фактілерін жойып отыру үшін тиімді.

Әнуәр Елеусізов,
«БЖЗҚ» АҚ Жетісу облыстық филиалы директорының орынбасары
Фото: ашық дереккөзден