БОРЫШКЕРЛЕР НАЗАРЫНА: НЕСИЕ ЖАБЫЛМАСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Уақыты: 09.09.2019
Оқылды: 1408
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесін төмендету мен несиенің бір бөлігін жабу үдерісі жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда. Осы сұрақтарды талқылап, кішігірім лайфхактармен бөлісуді жөн көрдік.

ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?
✅ enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;
✅ «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдау;
✅ өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу.

НЕМЕСЕ:

✅ 111 біріңғай нөмеріне хабарласу.

ТАҒЫ ДА:

✅ egov.kz электронды порталында көруге болады.

ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:

✅ ХҚО-ға барыңыз.

Егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге 111, 8 (7172) 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 (Нұр-Сұлтан қаласы) нөмірлеріне хабарласу керек. Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

Уақытыңызды әр түрлі жұмсауға болады, бірақ біз әрқашан сіз үшін оңтайлы шешім табуға тырысамыз және бос уақыттарыңызды жақындарыңызға көбірек жұмсағандарыңызды қалаймыз.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі