КӘСІПОДАҚТЫҢ КҮШІН БІРІКТІРІП, БОЛАШАҚ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАУ МАҢЫЗДЫ

Уақыты: 27.08.2020
Оқылды: 1165
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Кәсіподақ мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясынының кезектен тыс ХХVI cъезі өтеті­нін зор қуанышпен қабыл алдым. Себебі, еліміз үлкен сыртқы және ішкі сын-қатер­лермен бетпе-бет жүздесіп отырған күрделі кезеңде Кәсіподақтың күшін біріктіріп, болашақ бағытын тағы бір мәрте айқындап алу маңызды.

Кәсіптік одақтар - азаматтардың өз кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ, басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшін ерікті түрде құратын дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық ұйым.

Әлемнің көптеген елдеріндегі күйзелістер, қара алтын бағасының күрт төмендеуі, халықаралық ықпал шаралардың өршуі елімізді тығырыққа тіремей, дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың арқасында елімізде бірлік пен тұрақтылық сақталуда. Сонымен қатар, мемлекетімізде жаңа заманауи технологиялар іске қосылып, экономиканың кейбір салаларында ілгерілеулер байқалуда.

Қазіргі әлем үнемі жаңғыру үстінде. Жаһан елдерінің саяси тәжірибесінде барлық мемлекеттер өзінің жаңару кезеңінен өтеді. Бұдан біздің Тәуелсіз Қазақстан да тысқары қалмақ емес.

Қазір әлемдік жағдайдың тұрақ­сызданған кезі келді, ауыр экономикалық қиындықтар туған уақыт. Жаһандық дағдарыс қиындықтарын халқымыздың жеңуі тиіс екендігін кәсіподақ жақсы түсінеді.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы жастарға көп үміт артады. Күні бүгінге дейін жастардың денсаулығы, білімі, еңбек жағдайларын жақсартуы, тәрбиесі мен әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелер күн тәртібінен түскен емес.

Кәсіподақ саласында да жастар үшін көп мүмкіндік берілген. Еліміздің ең ірі саяси күші саналатын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының жанынан «Келешек» жастар кеңесінің құрылуы – соның бірден-бір дәлелі.

Кәсіподақ ұйымы әрбір жасқа үлгі болуы керек. Патриоттық құр сөзбен емес, іспен сыналады. Еліміз күрделі кезеңмен бетпе-бет келген тұста «келешектіктер» де өзіне артылған саяси салмақты жауапкершілікпен сезініп, ақтау үшін бар күшін салуға дайын.

Бақтияр ЖАҚСЫКЕЛДИНОВ,

«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы