ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Уақыты: 01.10.2020
Оқылды: 1579
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында Талдықорған қаласы аумағында 2020 жылдың қазан айының 1-4 күндері аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескерту, қолданылатын шаралар туралы қалың бұқара халықты таныстыру, ана мен баланы қорғау, қоғамда отбасы рөлін нығайту.

Бүгінде Талдықорған қаласында полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі бар. Сенім телефоны: 8-7282-60-86-15 немесе 102.

2018 жылдан бастап Алматы облысы бойынша Талдықорған қаласында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетеді, консультативті-психологиялық және заңгерлік көмекті тегін ұсынып, қажет болған жағдайда жәбірленушілерді медициналық көмек көрсету медициналық мекемелеріне жібереді. Уақытша баспана береді.

Осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының толық қауіпсіздігі мен анонимділігі де қамтамасыз етіледі. Балалары бар әйелдер аталған дағдарыс орталығында бір айдан жарты жылға дейін бола алады.

Сенім телефондары: 1301 немесе 8-7282-28-00-05, 8-7282-41-18-34. Алматы облысы бойынша қоңырау шалу тегін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды