АБАЙЫ МЕН МҰҚАҒАЛИЫ БАР ХАЛЫҚ ШЫНЫМЕН БАҚЫТТЫ! ЧЕЛЛЕНДЖ

Уақыты: 19.02.2021
Оқылды: 1082
Бөлім: РУХАНИЯТ

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арнап «Жырлайды жүрек» атты челлендж ұйымдастырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Шараның мақсаты - ақын шығармашылығын дәріптеу, сондай-ақ, туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, анаға, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, махаббат, әйелге сүйіспеншілік туралы айтқан ой-толғауларын келешекке үлгі-өнеге етіп қалдыру.

Аталған шараға Талдықорған қаласы №4 ясли-бақшасының қазақ тілі маманы Ж.Сауытбекова да өз үлесін қосты. Сондай-ақ, балабақшаның тәрбиеленушісі Амантай Әмір ақынның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақын – халықтың жүрегінде» атты республикалық өнер және шығармашылық байқауына көркемсөз жанры бойынша қатысып, I орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

Мұқағали жырлары тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар  сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерленіп отырады. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың өшпес мұрасы жарық күндей жарқырай түсуде. Абайы бар, Мұқағалидай  перзенті бар халық шынымен бақытты! Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырлары мәңгілік!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"